ОРАЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес маусымның 17-18-інде Батыс Қазақстан облысында шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетіп, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осыған орай тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу үшін тиісті шаралар алынуда. Өмірлік маңызы бар нысандар жұмысына ерекше мән берілді. Болуы мүмкін төтенше жағдай зардабын жоюға қажетті күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).