«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке қарағанда Батыс Қазақстан облысында төменде көрсетілген учаскелерде кеше түнгі сағат 23.00 бері автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген:
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» күре жолының Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық;
- «Самара-Шымкент» тасжолының РФ шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралығы.
Жолды жабуға ауа райының күрт нашарлауы себеп болған.