Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент (Орал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) күре жолы жергілікті сағат 19.50-ден бастап барлық көлік түрлеріне жабылды.

Сондай-ақ Орал-Атырау, Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Переметныйдан Тасқалаға дейін) жолдары да жабық.

Жабылу себебі – жауын, жел, көктайғақ, тұман.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, 9 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.