ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 29 шілде күні өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метргежетеді. Сондай-ақ бұршақ жаууы да ықтимал.
Оралда да найзағайойнап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.
Осығанбайланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жолбермеу мақсатында ескерту жарияланғанын жеткізді.
Тәулікбойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).