ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ертең тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 23 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Облыс орталығы Орал қаласында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.
БҚО ТЖ департаменті ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарланып жатқанын жеткізді.
Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде боран соғатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).