ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 11.30-дан облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-337 км), Ақсай-Жымпиты (38-159 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі - күшті боран, жолдың жабылу себебі.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Сонымен қатар ауа райының жақсаруына орай «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар Орал-Тасқала (Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал ( Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (Чапаев-Үштөбе) жолдары ашылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).