Батыс Қазақстанда аудандық және қалалық мәслихаттарға шығып қалғандардың орнына депутат сайлауы өткізілмек

None
ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Теректі аудандық және Орал қалалық мәслихатына шығып қалғандардың орнына депутат сайлауы өткізілмек.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Хамзиннің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Жаңақала аудандық мәслихатына №7 Гагарин сайлау округі, Жәнібекте №1 Оңтүстік-Шығыс сайлау округі, Қаратөбеде №6 Жаңақоныс сайлау округі, Теректіде №9 Федоров сайлау округі, Оралда №1 Қалалық сайлау округі бойынша депутаттар сайланбақ. Сайлау қазанның 31-іне белгіленсе, үміткерлер тамыздың 31-інен қыркүйектің 30-ына дейін ұсынылады. Қыркүйектің 3-інен қазанның 5-іне дейін үміткерлер тіркелсе, сайлауалды үгіт жұмыстары қазанның 6-сында басталып, 29-ында сағат 24.00-де аяқталады.