ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 1-і күні таңертең БҚО-ның Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылына кіріп кеткен қасқыр біраз лаң салды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мал мен жанға шапқан қасқыр үш бірдей кісіні тістеп үлгерген, оның ішінде ауылға Оралдан қыдырып келген бала да бар. Олардың үшеуі де аудандық ауруханаға жатқызылып, тиісті емдерін алса, мезгілсіз келген бөріні ауыл адамдары жабылып өлтірген. Қасқырдың басы құтыру ауруына тексеру үшін аудандық малдәрігерлік зертханаға тапсырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).