Батыс Қазақстанда ауыл әкімдерін ұсыну 8 шілдеде басталмақ
07:31, 05 Шілде 2013
ОРАЛ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шағын аудандарда ауыл әкімдерін ұсыну 8 шілдеде басталып, 12 шілдеде аяқталады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Хамзиннің айтуынша, шағын аудандарға Сырым, Қаратөбе, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Тасқала, Шыңғырлау кіреді. Бұларда кандидаттарды тіркеу 8-22 шілде, сайлау 7 тамыз күні өткізіледі. Ал ірі аудандар (Қазталов, Ақжайық, Зеленов, Теректі, Бөрлі) мен Орал қаласына қарасты ауылдық округтерде ұсыну 10-14 шілде, тіркеу уақыты 10-24 шілдеге, сайлау 9 тамызға белгіленді.
Өңірде барлығы 151 ауылдық округте сайлау өтеді.