Батыс Қазақстанда ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлігімен жүрген

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Александров ауылдық округінің әкімі Ганжа Тұрғаналиев мас күйінде қызметтік көлігімен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Г.Тұрғаналиевтіңтәртіптік ісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

Сот қаулысықорытындысына сәйкес Г.Тұрғаналиев 4 мамыр күні сағат 00.20-да «Лада 21214 187»автокөлігін Ақсай қаласы Абай көшесінде мас күйінде айдап келе жатқан кездеполиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Ауыл әкімініңтүсіндіруінше, ол 2 мамыр күні өз үйінде ішкен, ал 4-інде спирттік ішімдіктатпаған. Алайда медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас күйіндеболғандығын көрсеткен.

Сот қаулысыменәкімшілік құқықбұзушылық жасаған Г.Тұрғаналиев үш жылға көлік басқару құқығынанайырылған.

Өзінің сөзінеқарағанда, ол 3 мамыр күні сағат 15.00-де жүргізушісімен бірге қызмет бабыменАқсай қаласына барған. Сағат 17.00 шамасында жүргізуші автокөліктің сыныпқалғанын айтып, жеке техникалық қызмет көрсету стансасына апарған. Сол күнісағат 18.30-да жүргізуші сұранып кеткен. Содан кейін көлік әзір болған кездесағат 23.00 шамасында өзі айдап шыққан. Сосын полиция қызметкерлері тоқтатып,наркологияға баруға тура келген.

Әдеп жөніндегікеңес мәселені талқылай келе, Г.Тұрғаналиевке қатаң сөгіс беру туралы Бөрліауданы әкіміне ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар