ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Хамит Абдуллин ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аталмыш соттың төрағасы Қайрат Шалқаров қараған іс барысында белгілі болғанындай, Х.Абдуллин Зеленов ауданы Краснов ауылдық округі әкімінің ұлы Анатолий Шаталовпен бір сыныпта оқыған. Сол күні екеуі Шаталовтың үйінде арақ ішкен. Соның барысында сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Ақыры Абдуллин сыныптасын тұншықтырып өлтірген.
Сот үкіміне сәйкес, Х.Абдуллинді маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 2 млн. теңге көлемінде моральдық залалды төлеуі тиіс.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 1993 жылғы марқұмның мүрдесі Зеленов ауданы Погодаев ауылындағы өз үйінде өткен жылғы 6 қараша күні табылған болатын. Кейін жедел іздестіру шаралары барысында 1993 жылғы күдікті де ұсталған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).