ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерлерге маман тарту үшін биыл 75 миллионнан астам теңге қарастырылып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев пен БҚО әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ағымдағы трансферттер жөніндегі келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес биылғы жылдың аяғына дейін аудан-ауылдарға барған дәрігерлер мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала мен мәдениет, спорт мамандарының әрқайсысына айлық есептік көрсеткіштің 70 есе мөлшерінде, яғни 90720 теңге көтермеақы беріледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).