ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні сағат шамамен 01.30-да Ақсай-Шыңғырлау жолының 59-шақырымында, Ащысай ауылынан 3 км жерде 1974 жылғы жүргізуші «Фольксваген-Гольф» автокөлігімен 1990 жылғы жаяу жүргінші, полиция аға сержанты, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі жол-патрульдік взводының полицейін қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапқан.
Медициналық куәландыру бойынша аталған жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).