ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында автокөлік жолдарын салуға, жөндеу мен күтіп ұстауға өткен жылы 3,8 млрд. теңге жұмсалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, жыл ішінде 5,1 шақырым автокөлік жолдары қайта жаңартылды және 42,6 шақырым жол күрделі жөнделді. Барбастау-Ақжайық-Индер жолында жасанды қондырғы салынды.
Қазіргі кезде Жымпиты-Қаратөбе, Ақсай-Шыңғырлау, Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытындағы жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).