Батыс Қазақстанда айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментініңбаспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10-14 шілде аралығында облысаумағында «Қару» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілген.

Шара кезінде бұрынішкі істер органында тіркелмеген тегіс ұңғылы 4 мылтық пен бір оқ-дәрінің заңсызсақталғаны анықталды.

Қаруды сақтау, алыпжүру, тасымалдау және қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін 139 адам әкімшілікжауапкершілікке тартылды.

Бұрынтіркелгенімен, айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді.