Батыс Қазақстанда Азамат соғысынан қалған артиллериялық снаряд табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 19 шілде күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болған.
«Сағат 12.30-да Байқоңыр көшесі, 13 мекенжайында «Отдел Строй» ЖШС маңында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан мезгілде 2 метр тереңдіктен артиллериялық снаряд тауып алған. Снарядтың диаметрі - 76 мм, ұзындығы - 320 мм. Сағат 15.35-те барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып БҚО ПД саперлары снарядты жойды», - деп хабарлады ведомстводан.
Полиция департаментінің мәліметінше, снаряд Азамат соғысы кезінен қалған болып шықты.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).