ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында қысқы Азиада құрметіне жасөспірімдер арасында қысқы спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналған қырық шақты жасөспірім Жеңіс алаңына дейін жүгіріп өтіп, спорт алаңында ұйымдастырылған шараларға қатысты.
Шаңғы эстафетасы бойынша №1 Федоров орта мектебінің командасы І орынды иеленді. Қар үстіндегі футбол бойынша да осы мектеп командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ жекелеген мектеп оқушылары арасында көңілді старт ойындары ұйымдастырылып, шара соңында жеңімпаздар марпатталды. VII қысқы Азия ойындарына арналып өткізілген шарада спортшылардың салтанатты шарадағы киім үлгілері мерекенің шырайын келтіре түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).