ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Азия ойындарына орай шаралар ұйымдастырылуда.
Облыстық білім басқармасы қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Луара Батырғалиеваның хабарлағанындай, 20 қаңтар күні барлық облыс мектептерінде Азиадаға арналған ашық тәрбие сағаттары өткізіледі. Осыған орай мектептерге «Азиада kz менің Қазақстаным» атты таспа мен кітапша жіберілді. Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Владимир Салов онлайн жүйесінде сабақты қалай жүргізу керектігі жөнінде кеңес берді.
Бұл күндері басқа да мәдени-спорттық шаралар Азиада құрметіне өткізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).