Батыс Қазақстанда «Балапан» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылуда

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылуда.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, биыл Тасқала ауданы орталығында 50 орынға арналған бір балабақша және басқа ғимараттарды пайдалану есебінен Қазталовтың Болашақ ауылында 50 орындық, Ақжайықтың Тайпағында 75, Сырымның Өлеңтісінде 50 орындық үш балабақша, мектептер жанынан аз шығынды, 1416 орынға арналған 58 шағын орталық ашылды, соның ішінде «Талап» жеке мектебі жанындағы 75 орындық жеке шағын орталық та бар. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Қазіргі кезде облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 73%-ға, немесе 22283 балаға жетті (республикалық көрсеткіш - 42%). Ауылдық жерде мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 74,7% немесе 13191 бүлдіршін.