ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 09.45-тен бастап көктайғаққа байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
БҚО ТЖ департаменті республикалық жолдарда тек қоғамдық көліктер мен таксилердің жүруіне рұқсат беріліп жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде Орал қаласында да қатты көктайғақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауа райының нашарлауына байланысты Орал-Атырау жолы жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).