ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдер қаңтардың 10-ынан бастап есептік кездесулерін өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Ақпанның 10-ына дейін созылатын науқан кезінде барлығы 460 кездесу ұйымдастырылмақ. Алдымен шағын елді мекендерде басталатын есептік жиындар одан кейін ауылдық округ орталықтарында жалғасады. Аудан, қала әкімдері мәслихат депутаттары алдында да есеп береді. Науқан облыс басшысының өңір тұрғындарымен есептік кездесуімен қорытындыланбақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).