ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада 932 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте 129 адамнан індет табылды.
Облыста пневмонияға шалдыққан 430 адам стационарларда емделуде.
Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 19, оттегі концентраторына 23, орталықтандырылған оттегі көзіне 139 науқас қосылған.
Басқарма мәліметіне қарағанда, өңірде 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 570 адам ем қабылдауда. Соның ішінде 40-ы 65 төсектік жансақтау бөлімшесінде жатыр.
Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 11 адам ем алуда.
Өткен жылдың қыркүйегінен бері 1014, соның ішінде биыл 809 баладан коронавирус табылды.
Індет басталғаннан бері облыста 19809 науқас (11372-сінің ауру белгілері бар, 8437-сінің симптомы жоқ) тіркелсе, соның 15506-сы жазылып шықты. 289 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 350 оқушыдан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).