ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі адам суға кетті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖдепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 шілдекүні орын алды.
Бәйтерекауданы Переметный ауылы маңында сағат 14.20-да Деркөл өзенінен 1967 жылғы ерадамның денесін жергілікті тұрғындар шығарып алды. Ол суға шомылуға тыйымсалынған жерден түсіп, белгісіз жағдайда батып кеткен. Тұрғындардың айтуынша,марқұм мас күйінде болған.
Сот-медициналықсараптама қорытындысы кейін белгілі болмақ.
Кешесондай-ақ сағат 16.40-тан Орал қаласында Учужный затон маңында Жайық өзенінебатып кеткен 2001 жылғы жігіттің денесін құтқарушылар (9 адам, 2 жүзу құралы)іздестірді. Ол да шомылуға тыйым салынған жерден түскен.
Қазіргікезде іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Осылайшаөңірде биыл суға кеткендер саны 27-ге жетті, соның 8-і – балалар.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Оралда әйел тік жардан құлап кеткен болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).