Батыс Қазақстанда бір күнде екі автокөлік өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 19 наурыз күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды.

Сағат 12.32-де И.Тайманов көшесі, 18-үй маңында «Ауди-100» автокөлігінің мотор бөлігі жанды.

Өрт сағат 12.38-де оқшауланып, 12.42-де толықтай сөндірілді.

Сондай-ақ сағат 14.02-де Бәйтерек ауданы Асан ауылының шет жағында «Крайслер» минивені отқа оранды.

«Тілсіз жау» 14.48-де оқшауланып, 14.55-тетолықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.