ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2009 жылы 12343 сәби дүниеге келді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы Сара Еспанованың хабарлағанындай, бұл 2008 жылғыдан ( 11503 ) едәуір артық. Жалпы, 1999 жылдан бері өңірде бұл көрсеткіш бірте-бірте жоғарылап келеді.
Жаңа жылдан бастап сәбидің туылуына байланысты берілетін жәрдемақы көлемінің өсуі де аналарды қуантып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).