ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 2 қаңтар күні жергілікті сағат 08.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-240 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Осы жолдың Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы да (260-526 км) жабық тұр.
Сол секілді Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал (189-482 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін) жолдары жабық. Сондай-ақ сағат 08.30-дан бастап республикалық Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (3-144 км, Подстепныйдан РФ шекарасына дейін) жолында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ депаратаменті ескерту жариялап, хабарламалар жіберіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).