ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл елді мекендерді газдандыруға 2 млрд. теңге бөлінді.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соның нәтижесінде 8 мыңнан астам адам тұратын 16 ауылға «көгілдір отын» жеткізілмек.
2012 жылы газ құбырларын тартуға 1,5 млрд. теңге жұмсалған болатын. Жалпы ұзындығы 177,5 км газ құбыры пайдалануға берілді, 16 елді мекен (халқының саны 11,7 мың адам) газбен қамтылды.
2012 жылдың қорытындысы бойынша халықтың табиғи газбен қамтылуы 86 пайызды немесе 540 мың адамды құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).