БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 6269-ында ауру белгісі болса, 3695-і – симптомы жоқтар.
Ауырғандардың 59,2 пайызы (5899) Орал қаласында, 12 пайызы (1203) Бәйтерек, 10,7 пайызы (1068) Бөрлі ауданында тіркелген.
Басқарма мәліметіне қарағанда, өңірде 1118 төсектік 17 инфекциялық стационарда 580 адам жатыр. Ауруханалар 51,8 пайызға, соның ішінде қаладағы стационарлар 78,8 (595 төсекте 469), аудандағы емдеу орындары 21,2 (523 төсекте 111 науқас) пайызға толған. 65 төсектік жансақтау бөлімшесінде 38 адам (58,4 пайыз) ем алуда.
Облыста резерв ретінде 1449 (684-і инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын әзірленген.
Өңірде ковидті анықтайтын 13 зертхана бар. Соңғы тәулікте 2209 зерттеу жүргізілді.
«Індет басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысында барлығы 19185 адам тіркелсе, соның 15004-і сауығып шықты. 278 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте 155 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, 113 науқас емделіп шықты», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 6 мектептің карантинге жабылғанын, 107 адамның көз жұмғанын, жылжымалы егу кешендері жұмыс жасап жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Орал қаласында жазасын өтеушілер коронавирусқа қарсы екпе салдырды.