Батыс Қазақстанда биыл «Жол картасына» сәйкес 5 млрд. 485,5 млн. теңгеге 60 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

None
РАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл «Жол картасына» сәйкес 5 млрд. 485,5 млн. теңгеге 60 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұл 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2010 жылы 4 мыңға жуық адам кәсіби біліктілігін көтеретін болса, 900-ден астам түлек жастар тәжірибесінен өтеді. 1690 әлеуметтік жұмыс орны да ашылады.

Өткен жылы «Жол картасына» сәйкес 5 млрд. 73,4 млн. теңгеге 82 жоба іске асырылып, 8900 жұмыс орны ашылған болатын. Тек әлеуметтік салада 19 білім, 6 денсаулық сақтау, 16 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткізілді.

Аталмыш бағдарлама жұмыссыздық деңгейін 0,6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл 2008 жылғыдан 0,3 пайызға кем. Мыңдаған адам жұмысқа орналасып, аз қамтылған отбасылар саны азайды. Орташа жалақы облыс бойынша 18,1 пайызға өсіп, 67808 теңгеге жетті.