Батыс Қазақстанда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 22,4 млрд. теңгенің 151 жобасы мақұлданды - облыс әкімі
20:48, 04 Желтоқсан 2012
ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 22,4 млрд. теңгені құрайтын 151 жоба мақұлданды.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
Облыс әкімінің айтуынша, 2010 жылы - 5,7 млрд. теңгеге 24 жоба, 2011 жылы - 4,7 млрд. теңгеге 43 жоба, 2012 жылдың 1 қарашасына 12,0 млрд. теңгеге агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік өндіру, машина жасау, жиһаз өндірісі, құрылыс материалдары, көлік жинау, туризм, ақпарат және байланыс, білім, денсаулық сақтау бағыты бойынша 84 жобаға қолдау көрсетілді.
Бағдарлама аясында күні бүгін субсидиялау және кепілдендіру бойынша 113 шартқа қол қойылды. Қалғандары жұмыстануда.
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 2010-2012 жылдары 13 жоба мақұлданды.