ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 19.00-ден бастап осындай шешім қабылданды.
Алдымен бүгін республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытында қозғалысқа шектеу қойылса, содан кейін Тасқала-Аққурай-Болашақ, Орал-Кирсанов, Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын және басқа жолдар түгел жабылды.
Өңірде қатты боранға қоса жолдарда көктайғақ орын алып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).