ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 наурыз күні сағат 20.30-дан бастап көршілес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран, жолдың көрінуі қиындауы) республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (392-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткеніндей, облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км, Тасқала ауылынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл маңда да қатты боранның салдарынан жолдың көрінуі нашарлаған.
БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағыттарда тұрғындарға жолға шықпау керектігін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты жолдар жабылғанын, қар құрсауында қалған жолаушылардың құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).