ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бүгін 1143 түлек ҰБТ сынағын тапсырды.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, Орал қаласы және Бөрлі, Шыңғырлау аудандарының мектеп бітірушілері сыннан өтті. Облыста барлығы 221 түлек «Алтын белгіден», 98-і ерекше аттестаттан үміткер болса, сәйкесінше соның 84-і мен 40-ы бүгін бақ сынады.
Облыс бойынша халықаралық дәрежедегі олимпиаданың жеңімпаздары ретінде 45 түлек ҰБТ-дан босатылып отыр. ҰБТ сынағы 3 және 4 маусым күндері жалғасады. Айта кетейік, биыл өңір мектептерін бітірген 4735 түлектің 3420-сы сынаққа қатысуға тілек білдірген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).