ОРАЛ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 9-10 қаңтар күндері қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек. Қазіргі кезде өңірде қолайсыз ауа райына байланысты тиісті шаралар алынуда. Өмірлік маңызы бар нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілмек. Төтенше жағдайларды жоюға қажетті күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).