Батыс Қазақстанда бұршақ жаууы ықтимал

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, 28-29 сәуір күндері кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқанын хабарлады.