ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 11 тамыз күні кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейінжетеді.
Орал қаласында да найзағай ойнап, дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін.Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасындатөтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығынжеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде желдің күшейетіні жөнінде ескертужарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).