ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 13 мамыр күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ дауыл тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Қазіргі кезде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар алынуда.
Оған қоса соңғы күндері облыста күн қатты ысып кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).