ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ҚР Диабет бірлестігінің «Денсаулық керуені» бағдарламасы аясында қант диабетімен ауыратындар тексерілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мақсатта облыстық «Диабет» қоғамының өкілдері Теректі ауданының Федоров, Зеленовтың Дариян ауылында болып, науқастарға дәрігерлік кеңестер берді, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Екі аудандағы тексеру қорытындысы науқастардың қан құрамындағы қант мөлшері орташа екендігін көрсетті.
Облыстық «Диабет» қоғамының төрайымы Тамара Истоминаның айтуынша, аталмыш бағдарламамен шалғай аудандар да қамтылатын болады. Сапар барысында салауатты өмір салты да насихатталмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).