Батыс Қазақстанда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес ауылдық жерлерге 502 жас маманды жіберу жоспарланып отыр

None
ОРАЛ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес биыл ауылдық жерлерге 502 жас маманды жіберу жоспарланып отыр.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылы аталмыш бағдарлама аясында облыс аудандарына 358 жас маман аттанса, соның ішінде 75 мұғалім, 21 дәрігер, 16 мәдениет қызметкері, 9 спорт, 35 әлеуметтік қамсыздандыру маманы өз орнын тапты.

2012 жылы жастарға облыс бойынша 52 пәтер берілді. Биыл 124 пәтер бөлу көзделуде.