Батыс Қазақстанда екі оқушы суға кетті
15:08, 11 Мамыр 2010
ОРАЛ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы Мәстексай ауылында екі бала өзенге шомылу кезінде суға кетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олардың бірі Мәстексай орта мектебінде 6-сыныпта, екіншісі 3-сыныпта оқиды екен.
Облыстық суда құтқару қызметінің бастығы Бисенбай Жексеновтің сөзіне қарағанда, мұның алдында сәуірдің 4-інде Орал қаласында бір ер адам суға кеткен болатын.