ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 4 наурыз күні сағат 20.40-тан бастап республикалық маңызы бар Подстепный - Теректі - РФ шекарасы автожолында (3-97 км, Подстепныйдан Бөрлі ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі - бұрқасын, көктайғақ.
Сондай-ақ 5 наурыз сағат 00.50-ден бастап жылбысқы қарға байланысты республикалық маңызы бар Атырау - Орал автожолы (456-189 км, Көшімнен Атырау облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Осыған орай БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).