Батыс Қазақстанда экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар саны 334,8 мың адамға жетті

None
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың соңғы тоқсанында 15 жастан жоғары экономикалық белсенді тұрғындар саны 334,8 мың адамға жетті.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл 2007 жылғы осындай кезеңдегіден 6,8 мыңға немесе 2,1 пайызға көп. Облыс экономикасында 312,7 мың адам жұмыс жасайды, бұл алдыңғы жылдағыдан 8,7 мыңға немесе 2,9 пайызға артық. Жұмыспен қамтылған тұрғындар арасында жалдамалы қызметкерлер саны (187,6 мың) 60 пайызды құрайды. Жұмыссыздар саны 22,1 мың адамды құрап, 2007 жылғыдан 1,9 мыңға немесе 7,9 пайызға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыз (2007 жылғы төртінші тоқсанда ? 7,3 пайыз) деңгейінде қалыптасты.