Батыс Қазақстанда екпе алғандар саны 97 мыңға жуықтады
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 63965-і екінші компонентін алды.
Қазіргі кезде өңірде кәсіпорындар мен мекеме-ұйымдар қызметкерлерін, тұрғындарды вакцинациялау жалғасуда.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, күні бүгін облыста 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 523 науқас емделуде. Соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 аурухана 73 пайызға толып, онда жатқандар саны 438-ге жетті. 72 төсектік жансақтау бөлімшесінде 36 адам ем қабылдауда.
Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 31,7 пайызға (223 науқасқа) көбейді.
Жыл басынан бері 15762 адам коронавирус жұқтырса, соның 55 пайызы (9642) Орал қаласында, 14 пайызы (2273) Бәйтерек, 11 пайызы (1798) Бөрлі ауданында тіркелген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың 70 пайызы егде адамдар екенін, соңғы төрт күнде 400-ден астам адамның індет жұқтырғанын жазған едік.