Батыс Қазақстанда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Саммиті мен қысқы Азия ойындарының маңызы кеңінен насихатталмақ

ОРАЛ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО әкімдігінде 1 қарашада Елбасы Жолдауын түсіндіру және Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Саммитінің маңызын кеңінен насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топтар мүшелері қатысқан жиын болды.

Онда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев Елбасы Жолдауымен бірге аталмыш Саммит жылдың ең басты оқиғаларының бірі екендігін, бұл еліміз беделі өскендігінің нақты айғағы болып отырғанын айтып, мұны ауыл-аймақ тұрғындарына жеткізу қажеттігін атап өтті. 1-5 қараша аралығында аудандарды аралайтын он екі топ сондай-ақ Алматы мен Астанада алдағы жылы өтетін қысқы Азия ойындарының мән-маңызын да тұрғындарға барынша түсіндіріп келмек.