Л. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын насихаттау,
«Жол картасының» орындалуын қадағалау мақсатында ақпараттық-насихат топтары сапарға шықпақ. Топ жетекшілері мен мүшелері қыркүйектің 1-інде Білім күніне орай мектептерде өткізілетін салтанатты шараларға да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен арнайы кеңес өткізіп, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің хабарлауынша, құрамында 1154 мүшесі бар 209 ақпараттық-насихат тобы ауыл-аймақ тұрғындарымен кездесіп, әлемдік дағдарыстан туындаған жайттарға түсінік беріп, елді мекендер жағдайымен таныспақ.
Топтар құрамында облыстық департамент, басқармалар басшылары, орынбасарларымен қатар «Нұр Отан» ХДП мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары да бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).