Жарыстың бас хатшысы, ұлттық дәрежедегі төреші Артур Қазбеновтің айтуынша, салмақ дәрежелеріне қарай мына палуандар әйелдер күресінен жеңімпаз атанды: Яна Яковлева (48 кг, Орал), Назерке Оңдағанова (53 кг, Сырым ауданы), Татьяна Тарабрина (55 кг, Бөрлі), Жанна Қазтуғанова (58 кг, Ақжайық), Гүлжанар Нетәлиева (60 кг), Әсем Ерғалиева (63 кг), Айғаным Сапарғалиева (69 кг), Айдана Сисалиева (75 кг, бәрі де Оралдан).
Ерлер арасында Мейірхан Өтегенов (57 кг, Ақжайық), Гасан Гаджиев (61 кг, Орал), Нұрхан Тельманұлы (65 кг, Ақжайық), Әділбек Сайфенов (70 кг, Орал), Мұратбек Қадыров (74 кг, Сырым), Зайреден Мұхамбетжанов (86 кг, Орал), Вадим Симаченко (97 кг, Бөрлі) және Әбілмансұр Сапарғалиев (125 кг) жеңіс тұғырына көтерілді.
Сонымен қатар қыздар мен жасөспірімдер арасында да жеңімпаздар анықталды.
Ерлер мен әйелдер күресінен үздік шыққандар іріктеліп, ақпан айының аяғында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысады.