Батыс Қазақстанда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек
12:21, 27 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында атақты әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың айтуынша, алдағы жазға таман Орал қаласында салтанатты жиналыс пен ғылыми-тәжірибелік конференция, Қаратөбе ауданында әншілердің республикалық байқауын өткізу көзделіп отыр.
Сондай-ақ Оралдағы бір көшеге ұлы әншінің есімін беру, мүсінін орнату ойластырылмақ.