ОРАЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда 158,7 млн. теңгенің ғаламтор қызметі көрсетілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 14,8 пайызға артық. Соның ішінде халыққа 101,8 млн. теңгеге ғаламтор қызметі көрсетілді. Бұл көрсеткіш 14,6 пайызға, әсіресе, ауылдық жерде 77,9 пайызға көбейді.
Ғаламтор абоненттерінің саны 41,4 мың адамға жетсе, соның ішінде 40,7 мыңы кең жолақтысын пайдаланады. Облыста тіркелген абоненттер саны 100 тұрғынға шаққанда, 7 адамнан келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).