ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында гараж бен автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғау саласында апат қаупін төмендету және бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 22 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы Макаров ауылында болды.
Сағат 05.36-да жеке үйдің ауласында шаруашылық құрылысы, гараж және «ВАЗ-21074» автокөлігінің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.
Аумағы 80 шаршы метрді қамтыған өрт 5 адам, 2 техниканың күшімен сағат 08.12-де сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Биыл өртенген көліктер саны 104-ке (өткен жылы осы мерзімде – 120) жетті.
Сондай-ақ биыл тұрғын үй секторында 380 өрт (өткен жылы – 469) тіркелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі автокөлік өртенгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).