Батыс Қазақстанда газ құбырын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

None
ОРАЛ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы аумағында газ құбырынан тұрба ұрлаумен айналысқан, тоғыз адамнан тұрған қылмыстық топ құрықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Жаңақала ауылынан онша қашық емес жерде қылмыстық топты ұстау кезінде олардың біреуі әскери граната суырып алып, қарсылық көрсеткен. Ол бірқатар талап қойғанымен, граната қолданылған жоқ.

Аталмыш топ тұрба ұрлау үшін төрт бірдей «КамАЗ» автокөлігін, автокран мен жеңіл автокөлікті пайдаланған. Оқиға орнынан 83 метр тұрба табылған. Келтірілген шығын есептеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.